• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:39

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

50 рет
көрсетілді

Қазақстанның әйелдер құрамасы Түркияда өткен Turkiye Open-2026 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, бес медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Кумартаева финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Ал Нодира Ахмедова (53 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін) және Назым Махмутова (73 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды

Осылайша, қазақстандық спортшылар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар