Астанада Наурыз мерекесі аясында ұсынылған «Ұлы дала аруы» атты алып арт-инсталляциясы әлемдік рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба дәстүрлі қазақтың құрақ көрпе үлгісінде жасалған үлкен панно түрінде ұсынылған. Оның биіктігі 10 метр 35,5 сантиметр, ал салмағы 154 килограмнан асады. Инсталляция толықтай қолмен жасалып, 3 250 «шаңырақ-квадраттан» құралған.
Жобаның рекордын Global Best of Records тіркеп, оны этнодизайн мен мәдени мұра саласындағы ерекше жетістік деп таныды.
Әлемдік рекорд орнатты
«Ұлы дала аруы» инсталляциясын дайындауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген адам атсалысты. Жоба Қазақстанның 17 облысын біріктіріп, ұлттық қолөнерді насихаттауға бағытталған әлеуметтік бастама ретінде бағаланды.
Желі қолданушылары бұл жетістікті жылы қабылдап, жоба авторларын құттықтап жатыр.