• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 07:50

Әйгілі күйші туралы зерттеу

10 рет
көрсетілді

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD) Айтолқын Тоқ­тағанның «Дина Нұрпейісова күйлерінің рухани әлемі» атты монографиясы та­ныс­тырылды. Алқалы жиынға күйші-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатыс­ты.

Келелі кездесу Дина Нұрпейісо­ва­ның өмі­рі мен шы­ғар­­ма­шылығына арналған бейнероликпен басталды. Автор Айтолқын Тоқтаған еңбектің мазмұны мен ғылыми жаңа­лығына қысқаша тоқталып өтті. Жиынға философия док­торы Дархан Қожабай мо­де­­раторлық етті. Қаты­су­шылар моногра­фия­ның ғылыми ма­ңы­зын айтып, қазіргі күй өне­рін зерттеудегі өзекті мәсе­лелер төңірегінде ой-пікір­лерін білдірді.

«Күй ана» қоғамдық қо­ры­ның басшысы, Дина Нұр­пейісованың шөбересі Төлеген Қуанышев мо­но­­графияның тұлға тану мәселесі үшін аса құн­ды еңбек екенін атап өтті. Оның айтуынша, күйші Динаның өмірі мен шығар­машылығын ашқан бұрын соңды академиялық ғылыми жүйелі кітап болған емес. «Дина Нұрпейісованың шығармашылық жолы» деген бірінші бөлім­де күйшінің өмір жолы кезең-кезеңімен тал­дан­ған. Нарынқұмдағы ба­ла­лық шағы, шыққан тегі, бо­йжеткен кезеңі, Астрахан өңі­ріндегі өмірі, ке­йінгі Алматыдағы шығармашылық белестері, Жамбылмен кездесуі, өмірінің соңғы жылдары кеңінен қамтылған.

«Екінші бөлім – «Ди­на­ның орындаушылық шеберлігі». Бұл бөлімде күй өнерінің ішкі философиясы, орындаушылық ерекшелігі терең талданады. Автор Құрманғазы күйлерінің интерпретациясына тоқтала отырып, Динаның орындау мә­неріндегі импро­ви­за­ция­ның басымдығын көрсетеді. Бұл бізге маңызды бір тұжырым береді: күй тек ноталық дәлдікпен шектелмейді, ол – мазмұнға сай туындайтын шығармашылық, импровизациялық үдеріс. Әрине, академиялық орындау қажет, бірақ тың­дау­шы­ның таным дең­гейі мен рухани қабыл­дауы­на қарай күйдің еркін өрісі де сақталуға тиіс. Үшінші бөлім – «Дәстүр жалғастығы мен жаңашылдығы». Мұнда автор салыстырмалы талдау арқылы Дина мен басқа композиторлардың аттас күйлерін зерделейді. Мысалы, «Байжұма», «Бұл­бұл», «Жігер», «Қос­ал­қа», «Бозшолақ» және «Жаңа бозшолақ» күй­лері арқылы дәстүр мен жаңа­шылдықтың сабақ­тас­тығы айқын көрсетілген», деді Т.Қуанышев.

Сонымен қатар еңбек­те Динаның заманына сай тақырыптарға, яғни әйел бейнесі, соғыс кезеңі, мемлекеттік мерекелерге арналған күйлеріне де ерекше мән берілген. Бұл күй өнерінің тек эстетикалық емес, әлеуметтік-идео­ло­гиялық қыз­мет атқарғанын көр­­сетеді. Күйшінің орын­дау­шылық және компо­зи­торлық шеберлігі музы­ка­лық салыстырмалы тал­дау арқылы ашылған. Кітап домбырашы-орындаушы, музыка зерттеуші ма­мандарға, сол сияқты жалпы өнерсүйер қауымға арналған.

Соңғы жаңалықтар