• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:23

Жалған құжат көрсетіп, ақша талап еткен: Астанада кәсіпкерлерді алдаған күдікті ұсталды

10 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері танымал брендтердің тауарларын сату желісімен байланысты бірқатар алаяқтық жасаған 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар дайындап, өзін Қазақстан аумағындағы түрлі брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған. Осы арқылы кәсіпкерлерге хабарласып, олардың қызметінде заңбұзушылықтар анықталғанын айтып, қорқытып, ақша талап еткен.

Ол «мәселені шешіп беремін» деген желеумен саудагерлерден қаражат алып, ықпал ету арқылы туындауы мүмкін қиындықтардан құтқаратынын айтқан. Бір жағдайда келтірілген материалдық шығын 300 мың теңгеден асқан.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қазіргі уақытта осыған ұқсас төрт дерек тіркелген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол тұрғылықты жерінде ұсталып, полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді сақ болуға, өздерін ресми өкіл ретінде таныстырған адамдардың өкілеттігін мұқият тексеруге және күмәнді жағдайлар туындаса, дереу полицияға жүгінуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар