• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:50

Air Astana сәуірдің соңына дейін Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты

30 рет
көрсетілді

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын тұрақты рейстердің тоқтатылу мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға қолайлы болу үшін бірнеше балама ұсынылады:

– билет құнын толық көлемде айыппұлсыз қайтару; – 30 маусымға дейінгі мерзімге Дубай бағыты бойынша рейстерге тегін қайта брондау; – басқа бағыттарға айыппұлсыз қайта брондау (тариф айырмашылығы мен әуежай алымдары қосымша төленуі мүмкін), ұшу мерзімі – 30 маусымға дейін.

Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға рейстерді 11–31 наурыз аралығында уақытша тоқтатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар