Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медицина мамандарының атын жамылып, алаяқтық мақсатта қоңырау шалатындардың көбейгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде азаматтар емханаларға барғаннан кейін түсетін күмәнді қоңыраулар туралы ақпарат көбейгенін мәлімдеді. Сондықтан ведомство белгісіз тұлғаларға SMS-кодтарды және жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырып отыр.
«Осындай жағдайлар еліміздің әртүрлі өңірінде тіркеліп жатыр. Оқиғалар, әдетте медициналық ұйымдардың қызметіне байланысты болмай шығады. Алаяқтар азаматтардың, соның ішінде егде жастағы адамдардың сенімін пайдаланып, өздерін емхана немесе басқа мекемелер қызметкерлері ретінде таныстырады», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді
Министрлік азаматтарға өздерінің тіркелу мәртебесін eGov.kz/eGov Mobile порталы немесе Damumed қосымшасы арқылы тексеруді ұсынады.
Медициналық ұйымдарға қабылдауға жазылу eGov.kz және eGov Mobile порталы, медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөліміне телефон арқылы жүгіну арқылы жүзеге асады.
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Ал SMS-кодтар азаматтарға тек цифрлық сервистерде авторизациядан өту шеңберінде ғана жіберіледі. Медициналық ұйым қызметкерлері телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайды.
Қазір пациенттердің қабылдауға барғанын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жүйелердің бұзу немесе рұқсатсыз қол жеткізу фактілері тіркелмеген.
«Азаматтардың жеке дерегінің ықтимал таралуы бойынша ресми өтініштер түскен жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тексеріледі», делінген министрлік хабарламасында.
Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады