• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 17:40

800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

20 рет
көрсетілді

Павлодар облысында полиция жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің заңсыз әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның бұл әрекеті анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде қолға түсті. Полицияның жедел әрекетінің арқасында сәбиге төнуі мүмкін қауіпке тосқауыл қойылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр. Іс бойынша түпкілікті құқықтық баға заң талаптарына сәйкес беріледі.

Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді

Полиция адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты қылмыстар қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар