• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:42

«Қыз өссе, елдің көркі»: Елордадағы ғимараттардың біріне жаңа мурал салынды

10 рет
көрсетілді

Елорданың Сарайшық ауданындағы ғимараттың қасбетіне табиғаттың жаңаруы мен қаланың көркем келбетін бейнелейтін «Қыз өссе, елдің көркі» атты жаңа мурал салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қабырғаға салынған туынды қалалық кеңістіктің маусымдық жаңаруы мен өңірдің мәдени болмысын айшықтайтын тұжырымдамаға негізделген.

Гүлдермен көмкерілген қыз баланың бейнесі көктемнің келуін, табиғаттың қайта түлеп, жаңаруын және далаға тән үйлесімділікті білдіреді.

Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал салынды

Композицияда кейіпкердің назары көше кеңістігі мен LRT желісіне ауған. Бұл – қала инфрақұрылымының дамуын сырттай бақылап, алдағы оң өзгерістерді күтуінің символдық көрінісі. Осы арқылы туындыда мәдени мазмұн мен заманауи урбанизация үдерістерінің байланысы көрініс тапқан.Мұндай көркем жобалар ауданның эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.

Идея авторы әрі муралдың суретшісі – Темірлан Әбенов.

   
Соңғы жаңалықтар