Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық рейтингінде айтарлықтай жоғарылады, деп жазады Egemen.kz.
Жаңартылған рейтингте Путинцева бірден 65 сатыға көтеріліп, 142-орынға тұрақтады. Еске салайық, ол өткен аптада АҚШ-тың Чарльстон қаласында өткен турнирге қатысты. Италиялық Элизабетта Коччиареттомен жұптасып, олар жартылай финалға дейін жетті. Алайда италиялық теннисшінің жарақатына байланысты бұл жұп турнирден бас тартуға мәжбүр болды.
WTA-ның жұптық рейтингінде бельгиялық Элизе Мертенс көш бастап тұр. Екінші орында чехиялық Катерина Синякова орналасқан. Ал кейінгі орындарды италиялық теннисшілер Жасмин Паолини мен Сара Эррани өзара бөлісіп тұр.
Юлия Путинцева маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Жұптық ойыншылар арасында отандастарымыздың арасында ең жоғарғы саты, жетінші орында Анна Данилина тұр.