Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласында алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген бейнежазба тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісінде осындай мазмұндағы бейнежазба анықталған. Дегенмен, аталған мәлімет ресми түрде расталмаған және шындыққа жанаспайды», делінген Қоғамдық коммуникация орталығының хабарламасында.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат жалған, сондықтан тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ.
Мамандар мұндай расталмаған ақпараттар халық арасында негізсіз үрей туғызып, жалған мәліметтің таралуына себеп болатынын ескертеді.
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге және әлеуметтік желілерде тараған тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырады.
Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр