Алматы қаласындағы Дүйсенов көшесінде орналасқан «Эмиль» кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылып жатыр деп жазады Egemen.kz.
Бұл нысан сот шешімімен заңсыз деп танылған.
Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданған.
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді
Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Алматы қалалық сотының 2026 жылдың 8 қаңтарындағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Нысанды бұзу жұмыстары қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды», делінген Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы таратқан хабарламасында.
Тау бөктерінен заңсыз нысандар сүрілді