• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:30

Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды

20 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының тұрғыны «Оймаша» оқу полигоны маңында саңырауқұлақ теруге барған кезде күдікті зат тауып алған. Ол оқ-дәріге ұқсас жарылмаған снаряд болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 сәуір күні болған жағдай туралы ер адам бірден әскери қызметкерлерге хабар берген.

Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, оқиға орнына жедел түрде Қарулы күштердің инженерлік-саперлік тобы жіберілген.

Мамандар аумақты тексеріп, табылған затты қауіпсіз жою бойынша тиісті шараларды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда, тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ екені хабарланды.

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Гарнизон өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Қазақстанда арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді

Мамандардың айтуынша, күдікті зат табылған жағдайда оған жақындауға, қол тигізуге немесе өз бетінше қандай да бір әрекет жасауға қатаң тыйым салынады. Мұндай жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына немесе жедел қызметтерге хабар беру қажет.

Соңғы жаңалықтар