• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:13

«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды

40 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтарды қорлайтын материалдарды таратқаны үшін өзін «ұстаз» деп атайтын Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды «сиырлармен» салыстырған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.

Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске саламыз. 

Соңғы жаңалықтар