• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 09:23

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.

Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды

Соңғы жаңалықтар