• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:30

Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді

30 рет
көрсетілді

Кипрдегі «Үміткерлер турнирінің» 11-турында Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чждунъимен тең ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келесі кезеңде қазақ шахматшысының жолы жарыс кестесінде өзімен қатар тұрған ресейлік Екатерина Лагномен қиысты. Бұл бәсекеде Бибісара басым түсті. Осы жеңісінің арқасында ол 6,5 ұпай жиып, жарыс кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді

Ал көшбасындағы үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Чжу Цзиньэрдің Асаубаевадан жарты ұпайы артық.

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын

Соңғы жаңалықтар