• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:17

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды

30 рет
көрсетілді

13 сәуір кешкі сағат шамамен 21:27-де Астанадағы Нұра ауданы Күлтегін көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалын тұрғын үйдің электр қалқанында тұтанғанын анықтаған.

Ал мамандардан құралған алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалған.

Көпқабатты үйден тұрғындар эвакуацияланып, ТЖМ күштері автосатының көмегімен 3 адамды оның ішінде 2 баланы құтқарды. Сондай-ақ баспалдақ марштары арқылы тағы 3 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Мамандар электр қалқаны шахтасындағы өрт бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін тарағанын мәлімдеді. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

Айта кетейік, 12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, 3 баланың мәйіті табылды. Олардың анасы ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер 39 жастағы әйелдің жағдайының ауыр екенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар