• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:39

І тоқсандағы экономикалық өсімді өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салалары қамтамасыз етті

50 рет
көрсетілді

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы Үкімет отырысында қаралды. Жиынға Олжас Бектенов төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста Мемлекет басшысының экономиканың сапалы әрі орнықты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. Үкімет бұл міндетті өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру және өндірістерді технологиялық жаңғырту арқылы жүзеге асырып отыр.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың сапалы әрі орнықты өсімін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндет өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру және өндірістерді технологиялық жаңғырту арқылы жүзеге асырылады», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр экономикалық өсім құрылымына ерекше назар аударып, салалардың үлесі мен ішкі экономиканың тұрақтылығын атап өтті. Оның айтуынша, I тоқсан қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің нақты өсімі 3% болды.

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды

Сондай-ақ өсімнің негізгі бөлігі шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілгені айтылды. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс және сауда салалары тұрақты өсім көрсеткен.

«Осы кезеңде жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3% болды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, шикізаттық емес сектордағы тұрақты өсім есебінен қалыптасты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс және сауда салалары оң динамика көрсетті. Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, дәл осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп отыр», деді Олжас Бектенов.

Жалпы, экономиканы әртараптандыруға басымдық беру елдің сыртқы факторларға тәуелділігін азайтып, ішкі нарықтың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Соңғы жаңалықтар