• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 19:10

Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

20 рет
көрсетілді

Астана халықаралық әуежайы аумағында 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Осы уақыт аралығына жоспарланған барлық рейстер басқа уақытқа ауыстырылған. Сондықтан жолаушыларға ұшу уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескеріп, сапар алдында рейс кестесін міндетті түрде алдын ала тексеру ұсынылады.

Әуежай терминалы әдеттегідей жұмыс істейді, бірақ рейстер кестесінде өзгерістер бар. Ақпаратты әуежайдың ресми сайтынан немесе авиакомпаниядан нақтылап алған дұрыс.

Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі

Сонымен қатар, жолаушыларға уақытты тиімді жоспарлау маңызды: ішкі рейстерге кемінде 2 сағат бұрын, ал халықаралық рейстерге 3 сағат бұрын келу қажет. Бұл тіркеу, қауіпсіздік тексерісі және басқа да рәсімдерден асықпай өтуге мүмкіндік береді.

     
Соңғы жаңалықтар