Екібастұз қаласында қалалық аурухананың дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасалып, күш көрсетілген. Павлодар облыстық полиция департаменті күдікті үш ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға 12 сәуір күні таңертең болған. Ер адам екі мас күйдегі танысымен бірге травматологиялық пунктке медициналық көмек сұрап келген. Десе де, науқастың жанындағы ер адамдар өзін өрескел ұстап, дәрігердің ескертуіне агрессивті түрде жауап беріп, бөлмеден шығудан бас тартқан. Артынша дәрігерге қол көтеріп, соққыға жыққан. Жағдайға араша түспек болған медбике де дене жарақатын алған.
Жарақат алған медицина қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. Күдікті үш адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшіншісі полиция күзетімен арнайы палатада жатыр.
Қарағандыда ер адам дәрігерлерге күш көрсеткен
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті 7-наурыздан бастап медицина қызметкерлеріне қатысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілікті қарастырылған бап күшіне енді. Медицина мамандарына қол көтерген азаматтарды 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Дәрігерге дөрекілік көрсеткендер қатаң жазаланады