• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:32

Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді

40 рет
көрсетілді

Ресей 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен автокөлік арқылы әкелінетін тауарларға қатысты жаңа цифрлық тәртіпті іске қоспақ. Бұл өзгеріс Қазақстанның экспорттық жеткізілімдеріне де әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жүйе импорттық тауарларды бақылауды күшейту және көлеңкелі сауданы азайту мақсатында әзірленіп отыр.

Жаңа тәртіпке сәйкес, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауар жеткізілімі туралы алдын ала мәлімет ұсынуы тиіс. Олардың қатарында: сатушы мен сатып алушы деректері, тауар туралы ақпарат, көлік құралының мәліметі, жеткізу күні және қамтамасыз ету төлемі туралы деректер бар.

Ресей билігі ірі компаниялардан VPN қолданушыларын шектеуді талап етті

Жүйе тексерістен кейін әрбір жеткізілімге арнайы цифрлық идентификатор – QR-код қалыптастырады. Бұл код тауардың заңды түрде тасымалданатынын растайды.

Ресей үкіметі бұл бастама нарықтағы ашықтықты арттырып, «көлеңкелі импортты» азайтуға және тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталғанын мәлімдеді.

РФ Федералдық кеден қызметі жаңа тәртіп аясында шекарада мобильді бақылау топтары жұмыс істейтінін хабарлады. Олар автокөліктерді іріктеп тексеретін болады.

Бизнес өкілдері жаңа жүйені қолдағанымен, даулы жағдайларды жедел шешу тетіктерін жеңілдету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ рәсімдерді барынша ыңғайлы ету мәселесі көтерілді.

Ресейдегі жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

Заңнамалық өзгерістер Ресей парламентінде толық мақұлданып, жүйені енгізудің жол картасы дайындалып жатыр. Жаңа жүйенің толық іске қосылуы 2026 жылдың 1 маусымына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар