• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 16:59

Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді

30 рет
көрсетілді

Допинг қолданғаны үшін бір жылға үлкен спорттан шеттетілген орта салмақтағы қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0) P4P рейтингінде бесінші орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы төрт сатыға жапониялық Наоя Иноуэ (32-0), украиналық Александр Усик (24-0) және америкалық Теренс Кроуфорд (42-0) пен Шакур Стивенсон (25-0) жайғасты.

Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды

ТОП-10-дықтың қатарына украиналық Дмитрий Бивол (24-1), аустралиялық Джай Опетая (30-0), мексикалық Сауль Альварес (63-3-2) және АҚШ-тың қос дүлдүлі – Джесси Родригес (23-0) пен Давид Бенавидес (31-0) еніп отыр.

Еске салайық, Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылдың желтоқсанында жарияланды.  Ал World Boxing Organization орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жектерден 1 жылға шеттетті.

Соңғы жаңалықтар