• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:42

FIRST Championship: Еліміздің 17 командасы халықаралық инженерлік бәйгеде бақ сынайды

30 рет
көрсетілді

Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрамасы әлемдегі ең беделді халықаралық жарыстардың бірі FIRST Championship әлемдік кезеңіне дайындық жүргізіп жатыр. Аталған білім бәйгесінде 200-ден астам оқушы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Хьюстон қаласында өтеді. 17 командадан құралған ұлттық құрамада қатысушылар Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Қарағанды, Щучинск қалалары мен Түркістан облысы атынан сынға түседі.

Робототехника – білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі

Командалар үш жас санаты бойынша жарысады: FIRST LEGO League Explore (6-10 жас), FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

FIRST Championship – жыл сайын 110 елден 50 мыңнан астам қатысушыны біріктіретін ірі халықаралық инженерлік-білім беру алаңы. Чемпионат серіктестері қатарында жетекші технологиялық компаниялар мен жоғары оқу орындары бар, ал жалпы гранттық қолдау көлемі 80 млн долларды құрайды.

СҚО-да ІТ-орталықтар ашылды: Ауыл жастары робототехниканы меңгереді

Ұлттық құрама 2026 жылғы ақпанда өткен Alem Tech Fest Орталық Азия чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған. Жобаны Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы және USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған.

Қарағандылық оқушылар робототехника олимпиадасынан олжалы оралды

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар