• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 18:42

Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды

30 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда ұстаздардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында ұйымдастырылған бұл бастама білім беру саласы қызметкерлерінің алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

2026 жылғы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыс прокуратурасы және әкімдігімен бірлесіп, мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған «Стоп пирамида! Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында акция өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, алаяқтық схемаларды дер кезінде тану қабілетін қалыптастыру және осы білімді оқушылар мен студенттерге жеткізу арқылы олардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу.

Кездесу барысында қатысушыларға қаржылық пирамидалардың басты белгілері, олардың жұмыс істеу тетіктері және сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді. Мамандар күмәнді жобалардың алғашқы кезеңде-ақ жоғары табыстарды уәде етуі, нақты экономикалық негіздің болмауы және жаңа қатысушыларды тартуға тәуелділігі сияқты ерекшеліктеріне тоқталды.

Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Іс-шараның ерекшелігі – заманауи технологиялардың қолданылуы. Қатысушыларға Қаржылық мониторинг агенттігінің AI-офицері – AI_DOS көмегімен дайындалған қаржылық қауіпсіздікке қатысты лекциялық материалдары ұсынылды. Бұл цифрлық құрал күрделі ақпаратты қарапайым әрі түсінікті форматта жеткізуге мүмкіндік берді.

Педагогтер талқылауға белсенді қатысып, жоғары кәсіби қызығушылық пен жауапкершілік танытты. Ашық диалог барысында қаржылық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қозғалып, тәжірибелік сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Пікір алмасу мазмұнды әрі конструктивті сипатта өтіп, қатысушылардың білімін толықтыра түсті.

Мұндай бастамалар қоғамдағы қаржылық мәдениетті арттыруда маңызды рөл атқарады. Себебі қаржылық сауатты ұстаз – саналы ұрпақтың кепілі, ал бұл өз кезегінде алаяқтықтың таралуына тосқауыл болмақ.

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Соңғы жаңалықтар