• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Кеше

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

20 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Елена Рыбакина Германиядағы додада сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.

Штутгарт WTA 500 турнирі шеңберінде жарысты екінші айналымнан бастаған Қазақстан теннисшісі ресейлік Диана Шнайдермен кортта жолықты. Әлемнің 2-ракеткасы саналатын Рыбакина қарсыласынан айқын басым түсіп, матчты екі сетте аяқтады.

Алғашқы партияда отандасымыз 4:1 есебімен алға шығып, ойын тізгінін толық өз қолында ұстады – 6:3. Екінші сет тартысты өрбіді. Есеп 4:4 болған тұста Рыбакина шешуші брейк жасап, партияны 6:4 есебімен өз пайдасына шешті.

Бір сағат 14 минутқа созылған кездесуде Елена Рыбакина 9 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың 2-ін тиімді пайдаланды. Ал қарсыласы небәрі 1 эйспен шектелді.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Енді Қазақстан теннисшісі жартылай финал жолдамасы үшін әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингте 79-орында тұрған түркиялық Зейнеп Сенмездің қай жеңгенімен кездеседі.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2024 жылы осы турнирде топ жарған. Ал өткен маусымда Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуіне байланысты жарысқа қатыса алмаған еді. Сондықтан биылғы додада рейтингілік ұпай қорын еселеуге мүмкіндік мол.

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Соңғы жаңалықтар