• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:49

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы күрт құбылып, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Осыған байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» ұсынған мәліметке сәйкес, елордада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +22...+24°C шамасында болады.

Алматыда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.

Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.

Ақтауда және Ақтөбеде жауын-шашын болмайды, желдің 5-10 м/с және 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+10°C, күндіз +12...+14°C.

Атырауда да ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Жезқазған мен Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 5-12 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+10°C, күндіз +21...+25°C.

Көкшетауда жаңбыр жауып, жел күшейеді (5-10 м/с). Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.

Қонаевта ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +26...+28°C жылы.

Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған және Өскемен қалаларында жауын-шашын күтілмейді, желдің екпіні 3-14 м/с аралығында.

Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавлда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұл тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.

Оралда түнде ауа температурасы 0...+2°C дейін төмендеп, топырақ бетінде -3°C-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Ауа температурасы күндіз +10...+12°C жылы. 

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты сақтық шараларын күшейтуді ескертеді.

Кешегі күні елдің басым бөлігі жауын-шашынды болған.

Соңғы жаңалықтар