Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Бұл шешім тек құрмет қана емес, Асанәлі Әшімовтің шығармашылық мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау бағытындағы маңызды қадам болып отыр. Ол театр мен кино саласына қосқан сүбелі үлесі, ұстаздық қызметі арқылы ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.
Еске салайық, Асанәлі Әшімов 2025 жылы 21 желтоқсанда өмірден озды.
Театр дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, көрерменге сапалы әрі мазмұнды қойылымдар ұсынатын жаңа белеске қадам баспақ. Жаңару аясында театрдың жаңа келбетін айқындайтын «Үздік логотип» байқауы жарияланды, байқау шарттары арнайы карусельде көрсетілген.
Атырауда Асанәлі Әшімов түскен кинолар тегін көрсетіліп жатыр