Астананың №36 мектебінде оқушылар арасындағы төбелес қоғам назарын аударды. Ал кейбір ата-аналар мектеп әкімшілігінің әрекетін сынап, мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етті. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалына әсер еткен жағдайға ата-аналар ашық наразылық білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Желіде тараған хабарламада ата-аналар мектеп әкімшілігінің төбелесті толық және объективті тергеудің орнына, жоғары сынып оқушыларының телефондарындағы видеожазбаларды жоюға тырысқанын алға тартты. Олар бұл әрекетті басшылықтың жауапсыздығы және балаларға қысым көрсетуі ретінде бағалады. Ата-аналардың айтуынша, оқушылар мектепте қысым көргендіктен, психологиялық ахуалы нашарлады. Олар мектеп директорын өз міндетін дұрыс атқармай отыр деп есептеп, қызметінен босатуды талап етті.
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Астана білім басқармасының хабарлауынша, төбелеске қатысқан оқушылар ішкі мектептік есепке қойылып, профилактикалық әңгімелер жүргізілген, сондай-ақ психологпен жұмыс ұйымдастырылған. Ал мектеп басшылығына сөгіс жарияланған-ды.
Сонымен қатар, ата-аналар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал осы жағдай бойынша қалалық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды.
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды