• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды

20 рет
көрсетілді

Шымкентте «Nazira Gold» қаржылық пирамидасы ісі бойынша жаңа сот үкімі шығып, 5 адам сотталды. Олар салымшыларға жоғары табыс уәде етіп, алаяқтық жолмен қаражат жинады деген айыппен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанына дейін күдіктілер әлеуметтік желілер арқылы «Nazira Gold» жобасын жарнамалаған. Салымшыларға ай сайын 21–41% көлемінде табыс және бірнеше айдан кейін салынған қаражатты толық қайтару уәде етілген.

Нәтижесінде 177 адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 1,4 миллиард теңгеден асты.

Сот мәліметінше, негізгі ұйымдастырушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылған. Қалған қатысушыларға да әртүрлі мерзімдегі жаза тағайындалды.

110 млн теңгеден астам шығын: «Boxy Wealth» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ және апелляцияға берілуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін осы іс бойынша тағы тоғыз адам сотталып, мемлекет пайдасына мүлік пен қаражат тәркіленген болатын.

Соңғы жаңалықтар