• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Астанада қай көшелерде қозғалыс шектеледі

40 рет
көрсетілді

Орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты аталған көшелерде қозғалыс ішінара шектеледі, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Ж. Нәжімеденов/С. Шаймерденов және А. Байтұрсынов/С. Шаймерденов көшелерінің қиылыстарында 16-18 мамыр аралығында қозғалыс ішінара шектеледі. Жұмыстар Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне қарай бағытта жолдың бір жағымен жүргізіледі.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар