• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:23

Рақымшылық дұрыс қолданылмаған: Түркия мен Египетке жалған жолдама сатқан алаяқ қайтадан сотталды

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік желі арқылы жалған туристік қызмет ұсынып, азаматтарды алдаған алаяқ сотталды. Ол «жеңілдікпен туристік жолдамалар» сатамын деп 13 адамның ақшасын иемденген, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Ведомство мәліметінше, күдікті туристік фирма ашып, оны «Travel the world» деп атаған. Ол әлеуметтік желілерде Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Түркияға арзан бағамен демалыс турларын ұсынған жарнама жариялап отырған.

Нәтижесінде 13 жәбірленуші жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам қаржысынан айырылған.

Сот оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бастапқыда 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Алайда апелляциялық сот «Рақымшылық туралы» заңды қолданып, жазаны 4 жылға дейін қысқартқан. Кейін прокуратура тексеруі барысында рақымшылық нормасы дұрыс қолданылмағаны анықталған. Кассациялық наразылықтан кейін сот шешімі қайта қаралып, жаза қайтадан 5 жылға дейін ұзартылды.

Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы туристік қызмет сатып алуда аса сақ болуға шақырады.

Бұған дейін Орал қаласында да өзін турагент ретінде таныстырып, 15-тен астам адамды алдап, 25 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ анықталған болатын.

Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды
Соңғы жаңалықтар