• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:46

Қай қалаларда пәтер бағасы төмендеді?

Қазақстанның ірі қалаларында екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы қатарынан екінші ай төмендеп отыр. Мамыр айында бірнеше өңірде пәтер құны арзандаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, бағаның ең көп төмендеуі Ақтауда тіркелді. Мұнда баспана құны 2,5% арзандаған. Сонымен қатар Астанада пәтер бағасы шамамен 2%-ға, ал Алматыда 1,7%-ға төмендеп отыр.

Еліміздің өзге қалаларында да теріс динамика байқалады. Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы төмендеген.

Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады

Алайда сарапшылар бұл өзгеріске қарап, асығыс қорытынды жасамауға шақырады. Олардың айтуынша, баспана бағасы әлі де жоғары деңгейде қалып отыр және қазіргі түзету нарықтағы жалпы ахуалды түбегейлі өзгерте қойған жоқ.

Мамандардың пікірінше, алдағы уақытта тұрғын үй нарығындағы өзгерістерге мұқият назар аудару қажет. Себебі бұл сала экономикалық жағдайға, ипотекалық несие көлеміне және халықтың сатып алу белсенділігіне тікелей байланысты.

Еске салайық, 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның екінші нарығындағы тұрғын үй бағасы қалалардың басым бөлігінде қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар