• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Шығыс Қазақстанда велосипедшілер тобын көлік қағып кетті

Оқиға 27 мамырда сағат 09:30 шамасында Ертіс өзенінің орталық көпірінде болған. Кәмелетке толмаған 6 жасөспірім жарақат алған. Олар медициналық көмекке жүгінген, деп жазады Egemen.kz.

«Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Сөйтіп жол жиегімен кетіп бара жатқан велосипедшілер тобына соқтығысқан.

Зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр.  

Құқық қорғау органдары тексеру амалдарын бастаған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін кінәлі тұлғаға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында көлік тізгініндегі жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кеткен еді.

Ақтауда полицей басқарған көлік 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, бүлдіршін қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар