• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 12:53

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға қатысу үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Еске сала кетейік, кеше Астанада V Еуразия экономикалық форум өтті. Форумның пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар