• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Марапат Бүгін, 15:58

Африкада үздік ондыққа енді: 81 жастағы марафоншыға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды

Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 81 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ардагер спортшыға «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстап, оның ел спорты мен қоғам дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл марапат жуырда Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен халықаралық марафондағы табысты өнерінен кейін беріліп отыр. Тәжірибелі спортшы өз жас санатында үздік ондыққа еніп, көпшіліктің құрметіне бөленді.

Салтанат Түйтебаев 1945 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Ол өмірінің 45 жылын білім беру саласына арнап, ұстаз, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің инспекторы және кәсіптік-техникалық училище жетекшісі қызметтерін атқарған.

Президент Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Кездесу барысында Серік Жарасбаев ардагер спортшының өмір жолы мен спортқа деген адалдығы жастарға үлкен үлгі екенін айтты.

«Сексеннен асқан жаста марафон жүгіріп, халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсету – зор ерік-жігер мен табандылықтың белгісі. Сіз салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, көпшілікке нақты өнеге көрсетіп келесіз», деді вице-министр.

Салтанат Түйтебаев халықаралық марафондарда да жоғары нәтижелерімен танылған. Ол Сингапур, Дубай, Доха, Анталия, Малага және Амстердамда өткен жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанған.

Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгінде жасы сексеннен асса да, спорттан қол үзбеген ардагер марафоншы әлемдік жарыстарда Қазақстанның абыройын асқақтатып келеді.

Соңғы жаңалықтар