• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:10

Туған күнінде отшашу атқан астаналық тұрғын айыппұл арқалады

Астанада туған күнін атап өтпек болған тұрғындардың бірі түнгі уақытта фейерверк атамын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, 00:22-де «102» арнасына көпқабатты үй ауласында фейерверк атылып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 33 жастағы ер адамның пиротехника қолданғанын анықтаған.

Түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзғаны үшін ер адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 436-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бап бойынша оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты

Полиция тұрғындарға түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін ескертеді.

Еске сала кетейік, жуырда Қытайдың Хунань провинциясы аумағындағы фейерверк зауытында жарылыс болды. Апат салдарынан 21 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар