Астанада көптен күткен «Жібек жолы» LRT станциясы жолаушылар үшін ресми түрде есігін айқара ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Желі іске қосылған сәттен бастап станция жолаушылар үшін жабық тұрды, өйткені оған баратын арнайы жол болмады. Қазір жаяу жүргіншілер жолы төселіп, станция алғашқы жолаушыларын қабылдай бастады.
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
Әзірге станцияның тек бір ғана кіреберісі жұмыс істеп тұр, яғни ішке тек бір жақтан ғана кіруге болады. Екінші шығыс бөлігі кейінірек ашылады деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін LRT атауы өзгеретінін хабарлаған едік.