Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнежазбадан өнер көрсетушінің қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын елемей, көпшілік алдында балағат сөздерді ашықтан-ашық қолданғаны көрінеді.
Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, мұндай іс-әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде бағаланады және қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады.
Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты
Сот шешімімен құқықбұзушы ер азаматқа 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жамбыл облысында әйел TikTok-тағы балағат сөздері үшін сотталды
Полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және айналадағы адамдарға құрмет көрсету – азаматтың мәртебесі мен қызметіне қарамастан, барлық жан үшін міндетті екенін қатаң ескертеді.