• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 19:46

Түркістандық оқушы шетелдің 80-нен астам оқу орнынан шақырту алды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектептің түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы білім бәсекесінде феноменальды нәтиже көрсетті. Ол АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның маңдайалды жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Беделді халықаралық университеттер қазақстандық талапкердің академиялық жоғары жетістіктерін, айрықша көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалаған. Соның нәтижесінде оған білім алуға арналған тиімді гранттық мүмкіндіктерді жарыса ұсынды.

Шымкенттік жас түлек 118 шетелдік университеттен шақырту алды

Нұрәлі Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарын өте сәтті тапсырып, әлемдік деңгейдегі оқу орындарына түсуге қажетті академиялық дайындық деңгейін толық дәлелдеген.

Шымкенттік түлек әлемнің беделді 74 жоғары оқу орнынан шақырту алды

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ол тек үздік бағалармен шектелмей, түрлі ғылыми, зияткерлік және қоғамдық жобалардың бел ортасында жүрген. Ол ағылшын тілі пәні бойынша өткен «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндіктері» атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын иеленді. Сондай- ақ республикалық деңгейдегі дәрежелі «Ой зерек» олимпиадасының бас жеңімпазы атанды.

Шымкентте мектеп түлегі 23 шетелдік университеттен шақырту алды

Қазір Нұрәлі Медина өзіне жолданған көптеген тиімді мүмкіндікті сараптай келе, Оңтүстік Кореядағы беделді Inha University университетінде білім алуды жөн санап отыр.

Соңғы жаңалықтар