• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:43

Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді

Ресей астанасы Мәскеуде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында бақ сынаған Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын иеленді. Бұл бағдарламада күміс және қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.

Сондай-ақ кеше ересектер арасында отандастарымыз Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, аталған додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.

Соңғы жаңалықтар