• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Маусым, 2026

Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

Үндістанның әскери-әуе күштеріне тиесілі Ан-32 әскери-көлік ұшағы елдің солтүстік-шығысындағы Ассам штатының Джорхат авиабазасына қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апат бүгін жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10:00-де жоспарлы ұшу барысында болған. Үнді билігінің мәліметінше, ұшақтың құлауы салдарынан 5 әскери қызметкер қаза тапты. Экипаждың тағы бір мүшесі – екінші ұшқыш аман қалған.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді

Үндістанның NTV телеарнасы көрсеткен кадрларға қарағанда, ұшақ бірнеше бөлікке бөлінген.

Әуе күштері оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылатынын хабарлады. Қазіргі уақытта апат орнында жұмыстар жүргізіліп, алдын ала тергеу басталған.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды

Еске сала кетейік, былтыр АҚШ-та ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар