• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Маусым, 2026

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында әлем Кубогының екінші кезеңі жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан алты боксшымыздың бесеуі келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Жарыстың алғашқы күні алты боксшымыздың бесеуі сәтті өнер көрсетті. Тек Наталья Богданованың жолы болмады. Ол Азия ойындарының чемпионы, шаршы алаң иесі Зио Баоға 1-4 есебімен ұтылып қалды. Қалған қыз-жігіттеріміз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

60 келі. 1/16 финал.

Серік Теміржанов - Денис Брил (Германия) - 5:0

90 келі. 1/8 финал.

Нұрбек Оралбай - Гичшае Ким (Оңтүстік Корея) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

80 келі. 1/16 финал.

Сабыржан Аққалықов - Хиабао Уанг (Қытай) - 5:0

+90 келі. 1/8 финал.

Айбек Оралбай - Нажай Райт (АҚШ) - 5:0

+80 келі. 1/4 финал.

Дина Исламбекова - Лиона Дарси (Ирландия) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

75 келі. 1/8 финал.

Наталья Богданова - Зио Бао (Қытай) - 1:4

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Соңғы жаңалықтар