• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 9-қабаттан құлап, аса ауыр жағдайда жеткізілген 17 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оған II дәрежелі кома, травмалық және геморрагиялық шок, аяқ-қолдардың, омыртқа мен жамбастың көптеген сынықтары, сондай-ақ кеуде қуысының ауыр жарақаты диагнозы қойылды.

«Ең күрделі зақымдардың бірі диафрагманың жыртылуы болды. Соның салдарынан асқазан, көкбауыр және ішектің бір бөлігі кеуде қуысына ығысқан.

Хирургтер шұғыл түрде күрделі ота жасап, барлық ауыр зақымдарды қалпына келтіріп, науқастың жағдайын тұрақтандырды», делінген хабарламада.

Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен

Отадан кейін қыз 12 тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Кейін оған сүйек пен буынды қалпына келтіруге бағытталған тағы 4 ота жасалған. Жалпы емдеу курсы 58 күнге созылған. Ол ауруханадан шығарылып, оңалту курсынан өтіп жүр.

Павлодар облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті

Сөйтіп, дәрігерлердің арқасында науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

 

Соңғы жаңалықтар