• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:15

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды

Аталған облыстың Боралдай кентіндегі «Алатау» базарында орналасқан «Sushi Time» тамақтану орны уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, «Sushi Time» дәмханасында тағамданған 19 адам улану белгілерімен ауруханаға жатқызылған.

Маңғыстау облысында тамақтан жаппай уланған балаларға қатысты іс сотқа жолданды

Алғашқы шағымдар түсе бастаған бойда бұл іске денсаулық сақтау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері жұмылдырылған.

Көшеден ас ішудің тәуекелі: Қоғамдық тамақтану орындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Қазір Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Зертханалық зерттеулер үшін тағам өнімдерінен сынамалар алынып, тиісті материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

«Оқиғаның нақты себептері туралы түпкілікті қорытынды тексеру жұмыстары толық аяқталып, зертханалық зерттеулердің нәтижелері шыққаннан кейін жасалады», делінген басқарма мәлімдемесінде.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын сақтауға қатысты талаптардың сақталуы тексерілетіні туралы хабарланған еді. 

Еске сала кететік, өткен жылы Түркістанда суши жеген 22 адам уланып, ауруханаға түскен еді.

Соңғы жаңалықтар