• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Елбасы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

223 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Елбасы Түрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ыстамбұл қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. «Бүгінде терроризм бүкіл адамзатқа үлкен қатер төндіріп отыр. Бұл зұлымдықты тек күш-жігер жұмылдыру арқылы ғана жеңуге болады. Қазақстан бейбіт өмір мен елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес жолында Түркиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.