14 Қаңтар, 2016

41-ші жылғы тулар

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ұлылардың ұрпағы ҚР Қаруы Күштерінің музейіне тарихи жәдігерлерді тапсырды 14-01-2016-muzei 01Атақты батырлардың, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұр­пақтары, жеңімпаздардың балалары мен немерелері ҚР Қорғаныс министрлігінің ұсынысына үн қатты және ҚР Қарулы Күштерінің жаңа әскери-тарихи музейінің қорына мәдени және ғылыми құндылыққа ие бірегей тарихи заттар мен ата-бабаларының құжаттарын берді. «Мен атам Иван Васильевич Пан­филовқа қатысты кейбір жәді­герлерді әкелдім. Бұл кітап 1936 жылы басылып шыққан оның жеке кітапханасынан. Бірақ, менің ойымша ең бағалысы ол менің атамның қаза болған жүргізушісіне комиссар Лог­виненконың берген партбилеттің бір жапырақ қағазы. Жүргізуші соғыста оны тұмар ретінде тағып жүріп, өзінің партбилетін осы бір жапырақ қағазда сақтап, кейіннен біздің от­басымызға берді. Сонымен қатар, 28 панфиловшылардың екеуіне Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы екі грамотаның түпнұсқаларын, Бауыржан Момышұлының қолтаң­басы бар фотосуретті бердік. Одан басқа, Шымкентте құрылған 301-ші, 310-шы және 312-1-ші дивизиялардан әскери бөлімдердің, сондай-ақ 768-жойғыш-авиациялық полкінің туларының түпнұсқалары бірегей болып табылады. Бұл 41-ші жылғы соғыстағы тулар», – деп әңгімелеп берді Кеңес Ода­ғының Батыры Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова. Бүгінгі күні музейдің коллек­циялық қоры ежелгі заманнан бас­тап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақ­стан халқының әскери тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін әс­петтейтін сирек және бірегей экспонаттардан тұрады. Армия генералы, тәуелсіз Қазақ­станның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің де отбасы музейдің тарихи қорына өз үлесін қосты. «Музейдің ашылатынын біле салысымен біз атамыздың формасын қуана-қуана бердік. Бұл парадтық киім нысаны, ол киіммен атамыз елімізде өтетін анағұрлым маңызды іс-шараларға қатысатын. Ол киімде Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы жұлдыздарының телнұсқалары мен қалған ордендер мен медальдарға арналған планка. 80-ші жылдары тігілген парадтық фуражка, депутат куәліктерінің түп­нұсқалары, погондар, етіктер. Сондай-ақ, біз құжаттарды, сирек фото­суреттердің түпнұсқаларын, оның кітаптарын, сыйлыққа берілетін қылышты, қылыштың жүздерін бердік. Нұрмағамбетовтердің отбасы сияқты біз үшін мұнда өзіміздің витринамызды ұсыну – үлкен абырой. Музей өте қажет, себебі ұрпақ сабақтастығын жалғастыруды жү­зеге асыруға, жас буынға тәлім-тәрбие беруге, мәдени-адамгершілік деңгейді арттыруға көмектеседі», – деді батырдың немересі Сауық Нұрмағамбетов.  «Егемен-ақпарат».