15 Қаңтар, 2016

Қарсыласының мысы басым болды

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-01-2016-Барыс сурет 01Сәрсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» Ярославльде жергілікті «Локомотивпен» кездесіп,   1:4 есебімен есе жіберді. Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Келесі бөлікте жанкүйерлер бір ғана голдың куәсі болды. Атап айтқанда, 31-минутта айдын иелері сапынан Сергей Коньков мергендігімен көзге түсті. Ал соңғы кезеңде төрт бірдей шайба соғылды. Өкінішке қарай, соның үшеуі біздің қақ­паға енді. Алдымен, 53-минутта «Локомотив» ойыншысы Де­нис Мосалев нәтижелі соққы жасаса, арада бар болғаны 38 секунд өткенде Егор Аверин есепті 3:0-ге жеткізді. Осыдан кейін «Барыс» хоккей­шілері лезде есе қайтарып, 54-минутта команда капитаны Брэндон Боченскидің көмегімен есеп айырмасын қысқартқан болатын. Ар­тынша ойынды құтқарып қал­­мақ болған жаттықтырушы Андрей Назаров қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырды. Алайд­а, оның бұл әрекетінен түк шық­пады. Есесіне, ресейліктер бос қақ­паға төртінші шайбаны енгізіп, ойынның нүктесін қойды. Бүгінде 50 ойыннан 72 ұпай жиған елордалықтар Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Біздің ұжым келесі ойынын 17 қаңтарда ойнайды. Ол күні «Ба­рыс» өз айдынында Нижний Нов­городтың «Торпедосын» қа­был­дайды. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».