15 Қаңтар, 2016

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ҮНДЕУІ

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының барлық мүшелері атынан Парламент депутаттарының Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауларын өткізу туралы бастамасына қолдау көрсетеміз. Біздің қозғалыс барлық салаларда жетекші сарапшылар болып табылатын белсенді және бастамашыл азаматтарды біріктіреді. Біздің міндетіміз – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуал­да: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы басты бағдар болып табылатын еліміздің және өңірлердің маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру. Біз дағдарысқа қарсы жаңа бағдарлама қабылданғалы отырғанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу дұрыс және дер кезінде қабылданған шешім болып табылады деп есептейміз. Парламент Мәжілісінің қазіргі құрамы елімізді және қоғамды дамыту үшін көп іс тындырды. Оның жұмыс қорытындысында Ұлт Жоспарын іс жүзіне асыру шеңберінде 2016 жылдың басынан бастап, біз азаматтық қоғамды және бизнесті дамыту үшін үлкен тың мүмкіндіктер ашатын жаңа заңдармен өмір сүре бастадық. Сонымен бірге, мерзімінен бұрын сайлау өткізу біздің қоғамымызды топтастырады және біздің экономикамыз үшін және бүкіл еліміз үшін қорғаныс шаралары болып табылатын дағдарысқа қарсы шараларды іс-жүзіне асыруға жаңа жігермен кірісуге мүмкіндік береді. Біз барлық қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды бізге қосылуға және депутаттардың бастамасын қолдауға шақырамыз.