15 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде өткен жылы 1096 қару тапсырылды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-karu 01АҚТӨБЕ. 15 қаңтар. Тұрғындардан травматикалық қару-жарақ сатып алу жөніндегі республикалық акция аясында өткен жылы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің аумақтық бөліністеріне 1096 бірлік қару тапсырылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның 347-сі – ұңғысыз, 749-ы газды-травматикалық қару. Акция шеңберінде сатып алынған қаруларға 61 млн. теңге төленді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 48 млн. теңге бөлінді, оның 13,5 млн. теңгесі өзге өңірлерден аударылыпты. Бөлінген қаражат толығымен игерілген. Бүгінгі күні кредиторлық берешек сомасы 13 млн. теңгені құрайды. Аталған департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, қару иелерінің салғырттығынан Ішкі істер министрлігінің «Криминалдық қару» есебіне қойылған газды-травматикалық қарудың 77-сі жоғалып, 10-ы ұрланған. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: timeskz.kz.