Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20385 материал табылды

Білім • 21 Мамыр, 2020

Уақыт жаңаша көзқарасты талап етуде

Адамзатқа қауіп төндірген пандемия әлем тынысына үлкен өзгеріс алып келді. Дүниежүзілік экономикалық белсенділіктің күрт төмендеуі, әлемдік ішкі жалпы өнімнің едәуір түсуі, шикізат бағасының құлдырауы әлемдік рецессияны туындатып, жағдайды күрделендіруде. Дағдарыс кезінде елімізде кешенді, жүйелі шаралар жүргізілуде.

Абай • 21 Мамыр, 2020

Абайтану – ХХI ғасыр көгінде

Көрнекті Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы таяуда 90 жасқа толды. Біз бүгін Абайтану ілімінің басында тұрған абыз ақсақалдың көлемді мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Руханият • 21 Мамыр, 2020

Атом күліне көміліп қалмайық!

Бұл мақала «Уақыт» ұғымы жайлы толғаныстан басталады. Ол бекер емес. Осы сөз – отыз жыл бұрын, 1990 жылдың 13 қарашасында Англия парламентінің Қауымдар палатасындағы мәртебелі мінберден айтылған еді. Айтушы Әнуар Әлімжанов сөзін қорытындылай келе, ядролық қаруы бар елдер үкіметін Ақыл-сана дауысын тыңдауға шақырды. Болашақтың уақыты үшін. Ал 1991 жылдың қаңтарында БҰҰ ядролық қару-жарақ мәселесін талқылады. Осы жылдың 29 тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жер бетіндегі ең үлкен ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигонын жабу туралы тарихи Жарлығына қол қойды. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның жаңа бет-бейнесі мен саяси бағытын айқындап қана қоймай, адамзат уақытындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдірді. Қазақстан уақыт алдындағы өз сөзін айтты. Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың 90 жылдық мерейтойы аясында бұрын-соңды бас­па бетін көрмеген бұл сөзді белгілі қаламгер Ғаббас Қабышұлы жазушының жеке мұрағатынан тауып, газетімізге ұсынған болатын. Редакциядан

Қоғам • 21 Мамыр, 2020

Сәлемші болсаң, төрге шық!

Сүйікті газетім «Еgemen Qazaqstan» қашанда игі істердің басында жүреді. Солардың қатарынан кейінгі сандарында жарияланған амандасу туралы мақалалар ойып орын алады, санасы барға ой салады. Мақала жазып, ой қозғағандарға мың да бір алғыс айтамын.

Саясат • 21 Мамыр, 2020

Митингтер туралы заңның тиімді тұстары көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның митингтер туралы заңнамасын жетілдіру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы қызу талқыланып жатыр.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Азаматтарды қабылдауда қандай мәселелер көтерілді?

Қабылдау барысында жұмысқа қайта орналасу, кәсіпкерлерге арналған грант алу, ауданда медициналық мекеме ашу мәселелері көтерілді. Мәселелер бақылауға алынды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды онлайн-форматта қабылдады.

Қазақстан • 20 Мамыр, 2020

Мемлекеттік деректер базасына өзгеріс енгізгендер жазаланды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Е-Лицензиялау» мемлекеттік базасындағы мәліметтерді түрлендіру жолымен заңсыз лицензиялар берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырған адамдар әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 20 Мамыр, 2020

Үкімет қазақстандықтардың Арменияда тіркелген көліктеріне қатысты Қаулы шығарды

Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміз азаматтары Армения Республикасында тіркелген көліктерін Қазақстанға әкеліп, пайдалануына қатысты Қаулы қабылдады деп хабарлайды primeminister.kz.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістан: Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі – жазғы шомылу маусымы кезінде су айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке қарай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД-ң аға офицері Ораз Айтқұлов мәлімдеді.

Әлем • 20 Мамыр, 2020

Абай мұрасына арналған халықаралық онлайн-конференция өтеді

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында «Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы» атты онлайн конференция өткізеді. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады.