
Үкімет • 19 Мамыр, 2020
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Экономика • 19 Мамыр, 2020
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс сомасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өскен.
Әдебиет • 19 Мамыр, 2020
Дулат Исабеков: Пушкин, Абай және басқалар
...Пушкин өмірі мен шығармашылығы шалқып жатқан теңіз. Ол туралы ондаған, жүздеген кітап жазылды. Біз оған ешқандай жаңалық қоса алмаймыз. Оның өмірге келген күнінен бастап ақырғы сәтіне дейін әр жылы, әр күні қағазға түскен. Пушкинтанушылардың айтуы бойынша, оның өмірінде белгісіз боп келген үш-ақ күн бар екен, қалған күндерінің бәрі тарих бетінде сайрап тұр.
Қоғам • 19 Мамыр, 2020
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын іске асырудағы жобалық тәсіл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес толық көлемде азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынастың жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Өнер • 19 Мамыр, 2020
Қазақ жерінде тұңғыш музей қашан құрылған?
Қазақстанда тұңғыш музейдің қашан құрылғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында, энциклопедияларда және кітаптарда, ғылыми еңбектердің барлығында дерлік алғашқы музей Орынбор қаласында XIX ғасырдың отызыншы жылдарында, кейбіреулерінде 1831 жылы құрылған деп жазылып жүр. Бірен-саран жарияланымдарда ғана 1830 жылы делініп қалады, бірақ айы-күнін айта алмайды. Қазақ совет энциклопедиясының 1975 жылы жарық көрген 6-шы томында Қазақстанның тұңғыш музейі (Қазіргі Қазақстанның орталық мемлекеттік музейі) 1831 жылы Орынбор қаласында академик В.И.Дальдің басқаруымен құрылғандығы жазылған. Тарих дәлдікті жақтырады, тіпті кейде оқиғаның айы, күні ғана емес, сағаттары да есепке алынып жатады. Бұл мақала көтерілген мәселеге нүкте қою үшін жазылды.
Президент • 19 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түсті, – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Білім • 19 Мамыр, 2020
Мектеп оқушыларына 19 мамырға арналған телесабақтардың кестесі
Білім және ғылым министрлігі 19 мамырда өтетін телесабақтардың кестесін жариялады.
Елбасы • 18 Мамыр, 2020
Елбасы журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 18 Мамыр, 2020
Қырғыз Республикасының азаматтарына транзитті қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының азаматтарына транзитті қамтамасыз ету мәселелері бойынша келесіні хабарлайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 18 Мамыр, 2020
Түркия Президенті Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жолдау хаты келіп түсті. Құжатта еліміздің жаңа коронавирусқа қарсы қабылдап жатқан кешенді іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.